+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Өзбекстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Күрленбай Хамидуллаевтың жеке қорынан 900-дан астам кітаптар сыйға алынды

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қорына Өзбекстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Күрленбай Хамидуллаевтың жеке қорынан 900-дан астам кітаптар сыйға алынды. Ол Нөкіс мемлекеттік педагогика институтында филология факультетінің аға оқытушысы болған, республикалық "Совет Қарақалпақстаны" газетінде істей жүріп, бірнеше очерк кітапшаларын шығарған. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтында қазақ тілі және әдебиет кафедрасының доценты болған, арқалы ақиық ақын Мұқағали Мұқатаевтың шығармаларын зерттеумен айналысқан. Кітапханасында тіл білімі және әдебиеттану ғылымына арналған кітаптармен қоса Қазақстан пен Қарақалпақстан ақын-жазушыларының шығармалары жинақталған.