+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халыққа жолдауымен танысты

2019 жылғы 3 қыркүйек күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халыққа жолдауымен танысып, өзіндік ой-пікірлерін танытып, қолдау білдірді.
Жиындағы пікір білдірушілер мемлекет басшысының жолдауда атап өткен өзекті мәселелері, атап айтсақ, мәдениет саласының қызметкерлеріне қолдау білдіру, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, шағын және орта бизнес, балаларға жасалған зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтетін заңдылықтар, білім беру саласындағы өзгерістер, Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу қарсаңындағы Жошы хан есімін ұлықтау және басқа да тақырыптарды талдауға тырысты.