+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Ұлдарға – ұлағат"

2019 жылғы 20 тамыз күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы "Ақерке" балалар залында "Ұлдарға – ұлағат" атты сұхбат-сабағы өткізілді. Дәстүрлі түрде өткізілетін сұхбат-сабағының кезекті қонақтары ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Еділбай Шүкіртайұлы мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің отставкадағы полковнигі Әбдуалиев Нұржан балалық шақтарындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Сондай-ақ, бүлдіршін оқырмандарға ұлтжандылық пен отансүйгіштік жайында және үлкенді құрметтеу, тәрбиелік мәні зор әңгімелерді айтты.