2019 жылғы 21 тамыз күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында оқушыларды патриоттық тәрбие мен еліміздің рәміздерін қастерлеуге бағыттау, сондай-ақ туған жеріне деген сүйіспеншілікті ояту, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтеу мақсатында "Мен – Қазақстан азаматымын!" атты тарихи-танымдық сағат өтті.
"30 тамыз - ҚР-ның Конституциясы" күніне орай өткізілген іс-шара барысында кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
Шара соңына қарай құқықтық жауапкершіліктер мен саяси тәртіпке қатысты сұрақ-жауап, пікір алмасу орын алып, қатысушылар өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті.