2019 жылғы 27 тамыз күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында дінтанушы магистр Нәби Әділбектің «Отбасы хрестоматиясы» кітабының таныстырылымы өтті.
Автор оқырмандарға қазіргі қазақ қоғамындағы отбасы проблемасының түпнегізін жан-жақты талдап, ғашықтық, құмарлық, еркіндік, жауапкершілік, махаббат феномендерін тарқата түсіндіруге тырысты.