+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Бәрін білгім келеді»

2019 жылғы 6 тамыз күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Өнер әдебиеттері бөлімінде «Бәрін білгім келеді» атты арт-студия жұмысын бастады.
Арт-студияның мақсаты ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, қатысушылардың тапқырлығын, шеберлігін, іскерлік, икемділік, танымдық қабілеттерін арттыру.
Шара барысында балалар бейнелеу өнерін қолөнермен ұштастыра отырып, түрлі-түсті қағаздар мен картоннан «Отырар» қамалын жасады. Кеш соңында қатысушылар «Отырар» қалашығын, кітапханасын, Отырардан шыққан ғұламаларын, алты ай бойы қамалды ала алмаған Шыңғыс хан мен оның əскерін әңгімелеп жасаған жұмыстарын таныстырды.