+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Абай әлемі"

9 тамыз күні Ұлы Абай Құнанбаевтың 174 жылдығына орай, "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы "Ақерке" балалар залының оқырмандарымен "Абай әлемі" атты әдеби шеру өткізілді. Кітапхана ауласынан әсем безендірілген ақ күймеге жайғасқан балалар Абай өлеңдері мен қара сөздерін жарыса жатқа айта көрікті қаланы аралады. Іс-шара Абай саябағында орналасқан ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жыр арнаумен мәресіне жетті.