+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Ел сенімін ақтаған Елбасы»

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың туған күніне орай «Ел сенімін ақтаған Елбасы» атты мерекелік кеш өтті.
Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында өткен кешке Шымкент қаласының құрметті азаматы Ш.Медеуов, ақын Қ.Көмек қатысып, жыр оқыды. Ғалым А.Қалшабеков «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы жайында өзекті жайттарды ортаға салды. Кітапхананың жас, әрі талантты оқырмандары Елбасы өмірбаянынан сахналық көріністер көрсетті және Елбасы туралы өз жырларын оқыды.