+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров және Айгүл Қапбаровамен кездесу өткізілді

2019 жылдың 30 шілде күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров және Айгүл Қапбаровамен кездесу өткізілді. Кездесуге қатысқан қала жастары мен Шымкент қаласы жастар мәслихатының депутатына үміткер жастар көкейдегі сұрақтарына кеңінен жауап алды. Кездесу барысында Н.Бекназаров пен А.Қапбарова Сенатта қаралып, қабылданып жатқан заңнамалар туралы кеңінен әңгімелеп, Заңмен бекітетін мәселенің біразын талқыға салды.