+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҚР-ның Ұлттық кітапханасы директоры Бақытжамал Қайырбекқызы «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына арнайы келді

2019 жылғы 25 шілде күні ҚР-ның Ұлттық кітапханасы директоры Бақытжамал Қайырбекқызы, Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Әлия Богданқызы «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына арнайы келіп, мәдени ошақтың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы жоспарларымен танысты.
Кездесу барысында Мәдениет қайраткері, жазушы-журналист, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Смайылханқызы «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталып, бірқатар кітапхана қызметкерлері «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болды.
Өз сөзінде Бақытжамал Қайырбекқызы кітапхана дизайны мен ішкі көркемдеу мәдениетіне оң бағасын беріп, кітапхананың ірі жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.
Шара соңына қарай кітапханашылар қазақ халқының маңдайына біткен дара ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқыды.