+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҚР-ның Ұлттық кітапханасы директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Отырар, Түркістан аудандық кітапханаларымен танысты

2019 жылғы 26 шілде күні ҚР-ның Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Смайылханқызы Отырар, Түркістан аудандық кітапханаларына арнайы барып, аудандық кітапханалардың қазіргі даму қарқыны мен кітапханашылардың әлеуетімен танысты. Кітапхана саласының өзекті мәселелері туралы пікір алмасулар орын алып, оны шешу жолдары сөз етілді.