+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Тілеуберді Мелдешұлы Бинашев Отырар кітапханасына арнайы келіп, «Байырқұмның баласы» атты кітабын тарту етті

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсін өнерінің қас шебері Тілеуберді Мелдешұлы Бинашев Отырар кітапханасына арнайы келіп, «Байырқұмның баласы» атты кітабын тарту етті.
«Байырқұмды көргенде –әкемді көргендей күй кешемін,
Сырдариядан өткенде –шешеммен сырласқандай тілдесемін»- деген мүсіншіні Тілеуберді Мелдешұлының мүсіні қазақ тарихынан сыр шертеді.
«Тәуір суретші болып тарихта қалу үшін ұлтжандылық қасиет керек» деп білетін Тілеуберді Бинашевтің «Мұңлық-Зарлық», «Абылай хан», «Жеті ата», «Жеті қазына», «Мелдеш құдық», «Атамекен», «Эпос» сияқты шығармалары да сол ұлтжанды қасиеттен туындаған көркем мүсіндер. Қажымұқанды тұңғыш мүсіндеген мүсіншінің өнерінен ұлттық сана, ұлттық болмыс дараланып, мүсіншіні ел құрметіне бөледі.
«Байырқұмның баласы» кітабында Тілеуберді Мелдешұлының мектепті бітіріп,ауылдан арман қуып Алматыға келген қырық жылдың ішінде өмір мен өнер асуларында жүріп өткен жолдары, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің ,өнер адамдарының лебіздері, мүсіншінің дара жолы айқын танылады.