+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Қазақтілді жаңалық сайттары редакторларының кәсіби және этикалық біліктілігін артыру"

2019 жылдың 16 шілде күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Қазақтілді жаңалық сайттары редакторларының кәсіби және этикалық біліктілігін артыру" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шымкент қалалық "Жастар ресурстық орталығы" мен "Отырар" ғылыми-әмбебап кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен өткен семинар-тренингті "Baribir.kz" жобасының жетекшісі Ербол Серікбай ашып, медиа-тренер Жұлдыз Әбділда журналистік этиканың бүгінгі қазақ журналистикасындағы көрінісі жайында жалғастырса, PR маманы Дінмұхамед Зиядин журналистік этиканың сақталуының себептері мен салдары жайында түсіндірді. Семинар-тренингке жергілікті сайт, газет-журналдардың тілшілері қатысты.