+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Көрнекті суреткер, драматург, сыншы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Асқар Сүлейменовтің мүйісі ашылды

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында көрнекті суреткер,драматург, сыншы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Асқар Сүлейменовтің мүйісі ашылды.
Жазушы Асқар Сүлейменовтің кітапханадағы мүйісінің ашылуына бастамашы болған әрі демеушілік жасаған кітапхана директоры Күлия Смайылханқызы Айдарбекова.
Көрмеге рухани еркіндіктің жарқын үлгісі саналатын Асқар Сүлейменовтің шығармалары, жазушы хақында жазылған естеліктер мен көркем туындылар қойылды.
Жазушының досы Әбіш Кекілбаев : «Асқар дүниені таңқалдырар ерекше жан еді. Ол ештеңеге таңқалып көрген жоқ. Бірақ, жұрттың бәрін таңқалдырып өтті» деп толғаныпты.
Ұлтының ұжданын арашалаған «парасат падишасы» атанған қаламгердің шығармашылығын оқыңыздар, оқып қана қоймай қалам құдіретін ұғынуға асығыңыздар, құрметті оқырман!