+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Алинұр" балаларды дамыту орталығының бала оқырмандары кітапханада қонақта

Бүгін "Алинұр" балаларды дамыту орталығының бала оқырмандары кітапханаға келіп, мәдени орданың тыныс-тіршілігімен танысты.
Бала оқырмандардың кітапханаға деген қызығушылығы өте жоғары екені байқадық. Бүлдіршіндердің бірі болашақта үлкен ғалым болуды армандаса, екіншісі дәрігер, тарихшы болуды қалайтынын айтып, өзара пікір алмасу орын алды.
Осыған байланысты, біз – кітапханашылар бала болашағына жауапкершілікпен қарап, білім алуға бағыт-бағдар беруге ат салысуымыз қажет.