+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Тұтқабай Иманбековтің мүйісі

«Отырар» кітапханасындағы қаламгерлер көрмесі «Ақ қайың», «Үш айдың үш күні», «Тұт ағаштың көлеңкесі», «Үлкен үй», «Жетім қыран » атты прозалық еңбектердің авторы Тұтқабай Иманбековтің мүйісімен толықты. Бірнеше поэзиялық кітаптардың авторы әрі аудармашы Тұтқабай Иманбековтің кітапханадағы мүйісінің ашылуына бастамашы болған әрі демеушілік жасаған кітапхана директоры Күлия Смайылханқызы Айдарбекова. Бұл игі іс белгілі жазушыға әрі қадірлі ұстазға деген құрметінен туындаған.
Тұтқабай Иманбеков - жазушылардың ішінде шоқтығы биігі, білімі мен парасаты келістісі, сегіз қырлы, бір сырлысы, кісілігі мол, таланты зор, ай маңдайлысы болатын деп жазушы Шерхан пікір білдірген жазушының еңбектерін оқып, танысуға шақырамыз.