+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ұлттық домбыра»

«Ұлттық домбыра» күніне орай Шымкент қаласы «Түркістан» салтанат сарайының алдында «Домбыра» аспабына арналған ескерткіш ашылды. Қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы саналатын домбыра аспабының ескерткішінің ашылу сәтінде домбыраның жоғары бөлігіндегі әсем шашбауды қала әкімі Ғ.Әбдірахымов ҚР еңбек сіңірген заңгері, заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараевқа табыстады. Мемлекет қайраткері, «Жеті жарғы» және «Қожаберген жырау» қорының төрағасы Бекет Тұрғараев бұл сыйлықты руханияттың ордасы «Отырар» кітапханасына тарту етті. Осы бір тарихи сәттен сыр шертер әдемі дүние кітапхананың Бекет Тұрғараевқа арналған мүйісінде сақталады.