+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҚУАНЫШТЫ БӨЛІССЕҢ, КӨБЕЙЕДІ!

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің бітіруші түлегі, "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының тұрақты оқырманы Канаданың Торонто жəне Германияның Jacobs университетіне тегін оқу грантын жеңіп алды.

"Жоғары сыныпта болашақ мамандығыма таңдау жасап қойдым. Енді маған университет таңдау керек болды. Ұстаздарым Канаданың оқу орындарын байқап
көруге кеңес берді. Ол елде өмір сүру қолайлы екенін айтты. Оқу орындарын зерттей бастадым. Торонто университеті туралы мəлімет көп екен. Қызыға оқып шықтым. Жыл сайын 37 үміткерге «Lester B.Pearson Scholarship» деп аталатын грант береді екен. «Осы грантты қалайда жеңіп аламын» деп мақсат қойдым. Көптеген құжат тапсырдым. Күні-түні білім іздеп, "Отырар" кітапханасында тынымсыз еңбек еттім. Халықаралық SAT емтиханының нəтижесін, ағылшын тілінде эссе жазып жібердім. Мектепте белсенді оқушы болдым, қоғамдық жұмыстардан қалмайтынмын. Осының бəрінің нəтижесін жолдадым. Университет грантқа лайық деген үміткерлерді іріктеп, қорытындысын жіберді. Достарыммен бірге мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Шығармашылық əлем» деген үйірме аштық. Үйірмеде оқушыларға би, əн, логикалық ойындарды үйрететінбіз. Германияда оқушылар арасында өткен сайыста жұмысымызды қорғап, жеңіске жеттік. Елдің тарихи жерлерін аралап, жаңа достар таптық.
Осындай жетістікке жетуіме себепкер болған Назарбаев зияткерлік мектебіндегі ұстаздарым мен "Отырар" кітапханасына мың алғыс!" – дейді грант иегері Арайлым Мүсілім.