+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА – КІТАП ӘЛЕМІМЕН»

2019 жылғы 27 маусым күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімінің кітапханашылары «Жазғы демалыста – кітап әлемімен» айдарымен қалалық Нұрсәт шағын ауданындағы тұрғын үй оқырмандарына кітапхана қорындағы қызықты әдебиеттермен таныстырып, кітап оқуға шақырды.
Жазғы демалыс балалар үшін қызықты кітап оқу мүмкіндіктері артатын маусым. Осы орайда кітапханашылардың ұйымдастыруындағы бұл шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, сондай-ақ балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану.