+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Нашақорлық – ХХІ ғасыр дерті»

2019 жылғы 25 маусым күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Шет тілі әдебиеттері секторының ұйымдастыруымен Орыс тілі курсының оқырмандарының қатысуымен «Нашақорлық – ХХІ ғасыр дерті» - «Токсикомания – болезнь ХХІ века» тақырыбында танымдық сағат өтті.
Шара барысында оқырмандар орыс тілінде нашақорлық дертінің қоғам дамуына кері ықпалы мен ұрпақ тәрбиелеуге тигізер керағар әсерлері туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Нашақорлыққа жол бермеу мақсатында салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдануды қолға алудың маңыздылығына тоқталды.