+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Шырынханұлы Кенжехановтың жеке кітапханасының қорынан 500-ден астам кітапты сыйға тарту етті

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының кітап қорына кітапхана оқырманы, зейнеткер Гүлжан Досбердіқызы марқұм жұбайы, Ауған соғысының ардагері, полковник Аспандияр Шырынханұлы Кенжехановтың жеке кітапханасының қорынан 500-ден астам кітапты сыйға тарту етті. Кітаптардың басым бөлігі орыс классиктерінің көптомдықтары: Л.Н.Толстой, Н.В.Гоголь, И.А.Бунин, А.С.Пушкин; шетел классиктерінің кітаптары Р.Роллан, Дж.Ф.Купер; "ЖЗЛ", "Дружба народов" кітапханасы, "Библиотека мировой литературы для детей" серияларымен шыққан кітаптармен қоса кітапханамыздың оқырмандарының игілігіне пайдаланатын көптеген қызықты кітаптар.