+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Шымкент қаласының «Құрметті азаматтары»

Шымкент қаласының «Құрметті азаматтары»

Биылғы жылы 19 маусым күні үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласының тұрғындары Қала күнін тұнғыш рет атап өтуде.
Осы мерекелік күнде Шымкент қаласының «Құрметті азаматтарының» қатары тағы да 10 адамға толықты.
Олардың ішінде Р. Оспанәлиева, Қ. Молдасейітов, Е. Сатқанбаев, Н. Романова, Қ. Нұртас және т. б. азаматтар бар.
Жалпы «Құрметті азамат» атағы жылына бір рет салтанатты түрде 10 адамға табысталады. Бұл абыройлы атақ қаламызға айрықша еңбегі сіңген, оның ішінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен білімді дамытуға үлес қосқан, мемлекеттік және қоғамдық қызметте жетістігі бар, шығармашылықта, бизнесте, спортта, қайырымдылық шараларда белсенділік танытып жүрген азаматтарға беріледі.
Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атағын алып, қаламыздың өсіп-өркендеуіне, нығаюына ерекше үлес қосқан, шаһар тарихында өшпес еңбегімен есте қалған тұлғалардың қатарында А. Асқаров, Ә. Жылқышиев, Б. Дециев, Қ. Қалтаев, О. Малқаров,
И. Сапарбай, М. Шаханов сынды және т. д. басқа көрнекті азаматтардың есімдері бар.
/Сурет Аят Әссандидікі/