+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА - КІТАППЕН"

Жасөспірім балалардың ой-өрісінің кеңеюіне, білімін ұштауына кітаптың қосар үлесі зор екені белгілі. Осы мақсатта, 2019 жылғы 19 маусым күні "Отырар" қалалық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Жазғы демалыста - кітаппен" айдарымен әдеби шолу өтті.
Кітапханашылар қаладағы Нұрсәт шағын ауданындағы тұрғын үйлердің ауласында оқырмандарға кітаптарды таныстырып, кітап оқуға шақырды. Оқырмандар кітапхана қызметкерлеріне алғысын айтып,осындай шаралардың бала тәрбиесіне ықпалы зор екендігін айтты.