Қымбатты көне Шымкент шаһарының тұрғындары мен қала қонақтары! Қала күні құтты болсын!
19 маусымда ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл күн – Шымкент қаласының жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан, үшінші мегаполистің туған күні.
Шымкент – Қазақстандағы ең көне қала. Тарихшы ғалым Бауыржан Байтанаевтың пікірінше, шаһардың 700-800 жыл емес, 2200 жылдық тарихы бар. Тарихшы-деректанушы 629 жылы Орта Азия елдерi арқылы өткен қытай монахы Сыма Цяннiң жазбаларын зерттей отырып, Шымкенттiң ортағасырлардағы атауы Неджикет (араб тiлiнен аударғанда «жаңа қала» деген мағынаны бередi) болуы мүмкiн дегендi айтады. Мұны өзге де тарихи деректер қуаттай түседi. Мәселен, сол кездегi Ұлы Жiбек жолының бойындағы гүлденген қалалардың бiрi Испиджаб (Сайрам) қақпаларының бiрi Неджикет деп аталған. Кейiннен ол «Шымкент қақпасы» деп аталынған деген ғылыми тұжырымын ұсынады.
Шымкент қаласы атауының шығу тарихы мен оның мағынасы әлі күнге дейін белгісіз. Бұл жұмбақтың жауабын белгілі зерттеуші-ғалымдар таба алмаған. Біреулер қала атауы «қала-бақ», «жасыл қала» десе, біреулер «жердің бет қабатымен қапталған қала» дейді. «Шым» сөзі жердің беткі қабаты, шымды қыртысы, ал «кент» қала, шаһар деген мағына береді. Кейбір зерттеуші-ғалымдардың пайымдауынша, «Шымкент» сөзі көне шығыс тілінен шыққан. Шығыс тіліндергі «чиминь» («чемень») деген сөздер «жасыл алқап», «көк жайлау» деген мағына береді деседі.
"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы
"Ғылыми-зерттеу" бөлімі