+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЖАСАМПАЗДЫҚ ДӘУІРІ»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елді басқарудағы жоғары лауазымды 30 жылдығына орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Нұрсұлтан Назарбаев: жасампаздық дәуірі» тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
Көрменің мақсаты – ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ елінің тарихына ықпалы, ірі саясаткер ретіндегі беделін, сондай-ақ ел басқару жылдарындағы мемлекетіміздің жетістіктері мен нәтижелерін насихаттау.