+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Еңбегі өлшеусіз ерекше адам»

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билікте 30 жыл болуына орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Нұрсұлтан Назарбаев: жасампаздық дәуірі» атты тақырыптық апталық өтті. Апталық аясында 2019 жылғы 19 маусым күні абонемент секторының ұйымдастыруымен «Еңбегі өлшеусіз ерекше адам» атты тақырыптық экскурсия өтті. Экскурсияға қатысушы жас ұрпаққа Нұрсұлтан Әбішұлының комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысына дейінгі жүріп өткен жолы жайлы баяндайтын шежірелі кітаптармен, фотосуреттер және мұрағаттық құжаттар арқылы түсіндіріліп, насихатталды.