"Отырар" кітапханасы ұжымы кітапхана саласында ұзақ жыл еңбек еткен Хакимова Ғалия Сейтовнаны зейтнеткерлік демалысқа салтанатты түрде шығарып салды. Кітапхана ісін дамытудағы еңбегімен, ерекше идеяларымен, жұмысына деген жауапкершілігімен құрметке бөленген Ғалия Сейтовна жастарға үлгі-өнеге бола білді.
Кешке А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасын көп жылдар басқарған Насия Алтаева, аталмыш кітапхананың қазіргі директоры Шарбану Динасилова, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасынан Мұратова Гүлжан және де аудандық кітапхана директорлары мен кітапханашылары арнайы келіп, қызметкерді зейнетке шығуымен құттықтады. Және де арнайы құттықтауға келген "Нысана" театрының әртісі Дәнекер Оразбай көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлады.
Кеш жақсы тілектерге толып, әсем әндермен жалғасты.
Кеш соңында Ғалия Сейтовна қимастықпен, көзіне жас алып ұжымға деген алғысын білдіріп, қоштасты.