+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҰЛДАРҒА ҰЛАҒАТ

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Ақерке» балалар залында балдырған ұл балаларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету және ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ұлдарға ұлағат» айдарымен сыр-сұхбат, әңгіме кештерін өткізіп тұру жоспарлануда. Сабақ әр екі ай сайын ұйымдастырылады.
Алғашқы сабақ 2019 жылғы 18 маусым күні инженер-технолог, жоғарғы санаттағы педогог-эколог Амангелді Есей және зейнеткер, әскери дәрігер, эколог Байғозы Абдилаев сынды ардагерлермен өткізілді. Кеш қонақтары өнегелі сөздері мен ұлағатты өсиеттерімен бөлісті.
Кездесу кеші балалардың рухын көтеріп, жан дүниесіне ерекше әсер етті.