«Мегаполиске квест-саяхаттқа»
Сүйікті Шымқаламыздың туған күніне орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен жастар – кітапхана оқырмандары, белсенді жастар, жас ақындар, қала қонақтары «Мегаполиске квест-саяхаттқа» шықты. Мақсаты – көне де жаңа қала, республикамыздағы ірі мегаполистің бірі Шымкенттің республикалық дәрежедегі қала ретінде қайта құрылғанына 1 жыл толуына орай туған қаламыздың көрнекті жерлерімен жете танысу, тарихына үңілу, өлкетану жұмысын жандандыру, қаламызда бой көтерген сәулетті ескерткіштерге, бабалар рухына тағзым ету.
Инновациялы шараның бағыты Бәйдібек баба ескерткішінен бастау алып, Тәуелсіздік саябағына дейін, квест шарттары бойынша арнайы бағдарламамен жүрді. Саяхаттың әрбір аялдамасында келесі жолға шығу үшін жастар Шымкент туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Шымкенттің көрнекті ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, жыр-арнаулар айтылды. Домбырада әндер орындалып, авторлық өлеңдер оқылып, пікір алысу жүргізілді. Тәуелсіздік саябағында саяхат қорытындыланды.
Еліміздегі ең биік, еңселі сәулет өнерінің туындысы - Бәйдібек би ескерткішінің алдында жазушы, «Бәйдібек» кітабының авторы, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері, “Бәйдібек – Сыланды” қоғамдық қайрымдылық қорының президенті Еркінбек Тұрысов сөйледі. Сондай-ақ, саяхатқы Нұр «Жас отан» жастар қанатының Шымкент қалалық филиалының төрағасының м.а. А.Сырлыбаев, Әл-Фараби ауданы филилының төрайымы А.Лесбек Шымкент қаласы бойынша Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің менеджері, ақын С.Сейітов, ақын, Шымкент қалалық тіл орталығының қызметкері А. Бейбітбек, Алматы қаласындағы UIB университетінің магистранты Б.Қожамсүгірова, т.б. жастар қатысты.