+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған»

Елімізде әлемнің бірқатар елдеріндегідей маусым айының үшінші жексенбісін медицина қызметкерлері күні ретінде атап өту дәстүрі қалыптасып келеді. Осыған орай, Шымкент қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы ақ халатты, алтын қолды дәрігерлер қауымымен «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты кездесу кешін өткізді. Кеш қонақтары: облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Сағынбеков Болат Салыбекұлы, қалалық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Даумбаева Қаламқас Бабановна, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «КеАК» Шымкент қаласы филиалының мемлекеттік қызметтер мониторинг бөлімінің басшысы Жаукимова Роза, З.М.Стом жекеменшік емханасының бас дәрігері Маленова Замира Абдирахманқызы. Білікті дәрігерлер көпшіліктің өзекті сауалдарына жауап беріп, медицинаның бүгіні мен ертеңі жайында сөз қозғады. Кешті Маманова Дана Абдамитқызы және Қаратай Айнұр Тасболатқызы жүргізді. Кітапхана қызметкерлері әуезді ән салып, әсем би орындады.