+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Кітап – өмір ұстазы»

2019 жылғы 10 маусым күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бөлімнің ұйымдастыруымен «Бір қала-бір кітап» акциясы аясында «Кітап – өмір ұстазы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Акция бойынша биыл жазушы, журналист Қарауылбек Қазиевтің «Иманжапырақ» кітабы, ақын Нармахан Бегалыұлының «Жаз-жалбыз», айтыскер ақын Біржан Байтуовтың «Бізден де өтер жиырма бес» кітабы таңдалғаны оқырманға аян.
Шара барысында акция аясында таңдалған ақын-жазушылардың өмір жолы мен шығармалары насихатталып, әрі қарай сазды кешке жалғасты.
Ардагерлер үйінің демалушылары кітапхана ұжымы мен өнер көрсеткен жастарға алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.