+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Сайлау – 2019. Өз таңдауыңда жаса»

2019 жылғы 3 маусымда «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының сайлау алды ашық алаңының жұмысы «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті. Жиынға зиялы қауымдар, қаламгерлер, мәдениет қызметкерлері, жастар қатысты.
Ашық алаң форматындағы басқосу жиыны «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, ҚР мәдениет қайраткері Күлия Смайылханқызы Айдарбекованың алғы сөздерімен ашып берді. Түркістан облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов еліміздің басты саяси оқиғасы – ҚР Президентін сайлау науқанына қолдау көрсетіп әрбір қазақстандықтың өзінің Ата Заң кепілдік берген заңды сайлау құқығын жүзеге асыруын атап өтті. ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің Түркістан облыстық кәсіподағының төрағасы, ҚР Президентіне үміткер А. Таспиховтың сенімді өкілі Бастарбек Пірімбетов ҚР азаматтары өз таңдауын жасауға, азаматтық белсенділік танытуға үндеу тастады.
«Сайлау – 2019. Өз таңдауыңда жаса» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырылды.
Оқырмандар арасында сайлауға қатысты экспресс сауалнама жүргізілді.
Ж.Шанин атындағы қалалық академиялық драма театрының әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мәжит Ілиясқар сөйледі.«Отырар» кітапханасының қызметкері Асанова Гүлжан ақын Қ. Сариннің «Тәуелсіздік туралы» жырын оқыды.
«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми хатшысы, жазушы, доцент Злиха Тұрарқызы Жантасова Ф. Оңғарсынованың «Ынтымақ бер» атты жырын оқып, қазақ елі бірлікпен ынтымақта өмір сүруін тілектестікпен жеткізді.
«Отырар» кітапханасының директор орынбасары Гүлмира Батырбайқызы Алпысбаева сайлау туралы көпшілікке кеңінен ақпарат берді. Оқырмандарды сайлауға келіп, дауыс беруге шақырды. «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Смайылханқызы Айдарбекованың ашық алаң жұмысын қорытындылады.