"Рухани Қазына-2019"
21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген "Рухани Қазына-2019" мәдениет саласы қызметкерлерінің фестивалінде "Отырар" кітапханасы Мәдениет министрі А. Мұхамедиұлының Алғыс хатымен марапатталды.
Кітапхана директор орынбасарлары А. Арыстанова "әсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен , Г. Алпысбаева "Кітапхана ісінің шебері" төсбелгісімен марапатталды. Кітапханашы А.Абдуллаева ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ү.Д. Мұңалбаеваның Алғыс хатымен марапатталды.
"Мәдениет және өнер қызметкерлері күні" мерекесіне орай мәдениет саласының өркендеуіне елеулі үлес қосып келе жатқан әріптестеріміз алғыс хаттармен марапатталды.
Шымкент қалалық мәслихатының марапатын иеленген Сауле Бисеитованы, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының марапатын иеленген Улбаланы Аристанованы, "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының Алғыс хатын иеленген Жанар Абитбекованы, "Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы" Шымкент қалалық төрағасының филиалы марапатына ие болған Әлібек Самендировты марапаттарымен құттықтаймыз. Әріптестерімізді құттықтай отырып, отбасылық бақыт, баянды ғұмыр, кәсіби өрлеу жолындағы ізденістері толағай табыстарға кенелте беруіне тілектеспіз.