+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"РУХАНИ ҚАЗЫНА - 2019"

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының "Туған жер" кіші бағдарламасы аясында Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің II-ші республикалық "Рухани қазына - 2019" фестивалі Нұр-Сұлтан қаласында басталды.
Шара аясында еліміздің өңірлерінің мәдениет саласының ұйымдары (музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен клубтар) мен олардың қызметкерлерінің арасында байқау өтіп, еліміздің ең үздік мәдениет үйі мен қызметкерін анықталмақ.
Бүгін аталмыш фестивальдің екінші күнінде
"Үздік кітапханашы" номинациясы бойынша қатысушылар тыңдалды. Бұл кезеңде қатысушылар ұйымдардың мәдени іс-шараларының мазмұнын жаңартуға бағытталған идеялар мен мәдени қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша сауалдарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.
Байқауға "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасынан "Кітапхананы дамыту" бөлімінің әдіскері, өнерпаз әріптесіміз Қаратай Айнұр қатысуда.
Әріптесіміз Айнұрға сәттілік тілейміз!