+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ҚАРҚАРАЛЫ ҚЫРАНЫ"

2019 жылғы 22 мамыр күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Көрмелік-бұқаралық жұмыстар" секторының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсетіп, қаһармандықпен қаза тапқан қазақтың батыр ұлы, ұшқыш Нүркен Əбдіровтің 100 жылдығына арналған патриоттық кеш өтті.
Шара кітапхана директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Гүлмира Батырбайқызының алғы сөзімен ашылды.
Батырдың ерен ерлігі мен еңбегін ұрпаққа айтып тұлғалық ғұмырынан сыр шерту мақсатында өткен кешке қатысқан студенттер мен оқушылар тарихи тұлғаның өмірі мен майдандағы жауынгерлік ерлігі жайында жырлар айтып, патриоттық ойларын ортаға салды.
Тарих ғылымдарының магистрі А.Оралова Н.Әбдіровтің жеке архивіндегі деректерге тоқтала келе, батырдың тарихи келбетіне сипаттама жасады.