+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Ресей және Якутия Жазушылар Одағының мүшесі Айсен Дайду келді

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына Ресей және Якутия Жазушылар Одағының мүшесі Айсен Дайду келді. Қазақтың ақын қызы Тұрсынай Оразбаеваның дүниеден өткеніне көңіл айтуды парыз санаған рухани досы Айсен Дайду ақынның туған жеріне келді. Сахадан келген қонақты кітапханаға ертіп келген ақын Нармахан Бегалұлы қазақ жерінің рухани құндылықтары жайында сөз қозғады. Саха жазушысы Айсен Дайду кітапханадағы ақын Тұрсынай Оразбаеваның мүйісін көріп, ақын жайында естелік айтты.