"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау және даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз туралы келелі мәселелерді талдау мақсатында «Алтан адам – дала өркениетінің зор қуаты» тақырыбында іс-шара өтті. Қазақстанның педагогикалық академиясының вице-президенті Т.Мақалқызы ұйымдастырған іс-шарада "Жебе" баспасының директоры Ж.Төлтебай, ф.ғ.к., доцент З.Жантасова және Оңтүстік Қазақстан газетінің тілшісі А.Наурыз баяндама жасады. Іс-шара барысынла бірқатар азаматтар шығармашылық ізденісі үшін ҚПА профессорлық атағына ие болса, үздік мұғалімдер мен жас ғалымдар марапатталды.