+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

БАБАДАН ҚАЛҒАН ТӨЛ ӨНЕР ҰРПАҚҚА МҰРА

2019 жылғы 14 мамырда «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, қолданбалы археологияның негізін салушы, қобызшы, сазсырнайшы, фарабитанушы, этнограф, қолөнер шебері Кендебай Қарабдаловтың 60 жасқа толуына орай «Бабадан қалған төл өнер ұрпаққа мұра» атты танымдық-сазды кеш өтті.
Рухани кеш «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры К.Айдарбекованың алғы сөзімен басталды. Кеште Қазақстан Суретшілер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Н.Шилібаев, Шымкент қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының маманы А.Нұрымбетов, зиялы қауым, мәртебелі оқырмандар, сондай-ақ өнерге қызығушы жалынды жастар қатысып, қазақ халқының дәстүрін жаңғыртып, қазақтың қолөнерін насихаттап жүрген этнограф Кендебай Қарабдаловтың өмір жолы мен шығармашылығы сөз етілді.
Кездесу барысында қолөнер шебері өз қолынан шыққан музыкалық аспаптарда ойнап, кешке қатысушы жастарды ұлттық өнерге деген қызығушылығын туғызды.