2019 жылғы 15 мамыр күні "Jas Otan" Жастар Қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен "Отырар" ғылыми-әмбебап кітапханасының "Елбасы залында" қалалық мәслихат хатшысы Ғани Тәшқараев, "AZALA Textile" ЖШС директоры Жамалов Бауыржан, "Шаңырақ" қоғамдық ұйымының жетекшісі Сабира Байзахова, "Бізбен бірге" жас еріктілер тобының жетекшісі Жасмин Ашимовамен "Еркін пікір" диалог алаңында "Жастарды еңбекке әлеуметтендіру" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында қоғам өкілдері мен жас буын белсенділері бизнеске қол жеткізу және оның пайдасы мен зияны, отбасылық құндылықтар, мемлекеттік тіл, Отанды сүю, үлкенді құрметтеу мен жұмыста еңбекқор болу жайында ой бөлісті. Кездесуге қатысқан жастар жақсы мағлұматтарды бойына сіңіріп, қоғам өкілдеріне мен аға-әпкелеріне ризашылықтарын білдірді.