+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Періште»

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, "Әйел құпиясы" және "Әйел денсаулығы" газеттерінің бас редакторы, журналист Фатима Забурақызының «Періште» атты шығармашылық кеші өтті. Кеште Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағының президенті, ақын Қайрат Дүйсенов Фатима Забурақызының жазушылық әлеміне ерекше баға берді. Семейлік ақын Үміт Шарипова кеш иесіне арнау оқыды. Фатима Забурақызының әндерін әнші Жолдыбай Мұзаппаров, әнші Ерсін Ісләмғазы орындады. «Менің әкем ең жақсы адам», «Періште» кітабының тұсаушешер рәсімі салтанатты түрде өтті. Жазушы Сарманбай Исақ пен Арыстан келген ақын Әбжаппар Нұрымбет ақ тілегін білдірді. Фатима Забурақызының өлеңдерін №65 мектеп гимназия оқушылары мәнерлеп оқыса, прозалық кітабынан №69 мектеп оқушылары жатқа оқыды. Ақынға қаламгерлер жылы лебізін, туыстары ақ тілегі мен алғыстарын білдірді.