+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

КІТАПХАНА ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ!

Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өнер мен білім байқауында "Көркем сөз" жанры бойынша "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы "Ақерке" балалар залының оқырманы Рысқұл Қайсар Бас жүлдеге ие болып, шет мемлекеттерде өтетін байқауға жолдама алып, "Атадан мұра" қорының атынан жеңілдікпен қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, "Атадан мұра" қорының Республикалық байқауларының Суперфиналына жолдамаға қол жеткізгенін қуана хабарлаймыз.

Сонымен қатар, "Атадан мұра" қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" байқауында "Ақерке" балалар залының оқырманы Абидуллаева Раяна ІІ орынға ие болды.
Осындай жетістіктерге жетіп жатқан кітапханамыздың тұрақты оқырмандарын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы алар белестерінің алғашқы себепшісі болады деген ниеттеміз!
Жетекшілік еткен – "Ақерке" балалар залының кітапханашысы Мамытбекова Ботакөз.