+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Туған жер»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын, сазгер, журналист, қоғам қайраткері. Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағының президенті Қайрат Дүйсеновтің «Туған жер» атты шығармашылық кеші өтті. Кеште студенттер ақынның жырын жатқа оқыды. Әндері орындалды. Кешке ақын Төлеген Айбергеновтің қызы Салтанат Айбергенова қатысып, ақынға жылы лебізін білдіріп, өлеңін оқыды. Ақын, журналист Болат Шарахымбай, жазушы Иса Омар қаламгерге тілектес көңілін білдірді. Ақынның туыстары, шәкірттері өз тілектерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.