+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Ұлы даланың жеті қыры: Арғымақ - қазақтың жан серігі"

2019 жылғы 22 сәуір күні "Көрме орталығында" Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында танымал этнограф-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабайдың қатысуымен "Ұлы даланың жеті қыры жəне этнография мəселелері" атты кездесу сағаты өтті. Кездесуге "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы "Ұлы даланың жеті қыры: Арғымақ - қазақтың жан серігі" тақырыбында кітап көрмесін ұсынды. Көрме көпшілік қауымды жылқының қазақ халқы өміріндегі мәні мен танымы жайлы жазылған танымдық және көркем әдебиеттермен таныстырды.