+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Қыздың жасы он сегіз...»

2019 жылдың 23 сәуір күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен бастау алған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы «Шымкент: туған қала және тұлғалар» жоба аясында танымал журналистер Б.Нарымбетова, З.Оралбаева және мәдениет қайраткері Г.Серікбаеваның 25+25 жылдығына орай «Қыздың жасы он сегіз...» атты тақырыбындағы шығармашылық кездесу кеші өтті.
Мәдениеттің мерейін асырып жүрген кеш иегерлерінің ақпарат ағындағы еңбектері, сүбелі үлестері жастарға егемен елдің тау тұлғаларына қарап бой түзеп, еліктеп өскен жас ұрпақ толқынды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шығармашылық кешті кітапхана директоры Күлия Смайылханқызы жүргізіп отырды.
Кеш барысында Изенова Мөлдір "Қазақ қызы" мен "Көзіңнің мөлдірін-ай" әнін орындаса, "Ақерке" балалар залының оқырмандарының «Ақылдым» журналында жарық көрген әдеби шығармаларынан компазицияларынан үзінділерді көпшілікке тарту етті. Ары қарай кеш иегерлері жастарға өмірлік тәжірибелері мен еткен еңбектері, жеткен жетістіктері жайында бөлісіп, жиылған қауымның қойған сұрақтарына көңіл толарлық жауаптарын берді.