+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ғасырға сапар шеккен кітап»

23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай Түркістан жоғары аграрлық колледжі кітапханасында «Отырар» қалалық кітапханасымен бірлесіп «Ғасырға сапар шеккен кітап» атты іс шара өтті.Іс-шараны «Отырар» кітапханасының кітапханашысы С.Бисеитова өткізді. Әдеби шығармалардан үзінділерді табу, мақал-мәтелдер сайысы, асыл мұрамыз болып келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілері, 2019 жылғымерейгер кітаптармен, «Бір ел – бір кітап» акциясының жыл аясында таңдалған ақын-жазушылары толықтай қамтылды. Студенттер өте белсенді, бар ынталарымен қатысты. Іс-шара соңында қатысқан студенттерді марапаттап, естелік ретінде кітаптар сыйлады.