+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ұлы ойшылдардың портреттері»

23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Өнер» бөлімі кітапханашыларының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер кафедрасының мұғалімдері Хорес Миллер, Ж.Н.Ибрагимова, М.С.Бейсенова, А.Т.Жунусхожаевтардың қатысуымен «Ұлы ойшылдардың портреттері» атты шеберлік сабағы өткізілді.
Шараның мақсаты – дәстүрден тыс сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлы ойшылдарымыздың өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасау.
Шараға №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің oқушылары мен мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында оқушылар параққа трафарет қойып, орнынан қозғамай поролон тампонын қолданып, сезу ырғағын дамыта отырып, ұлы тұлғалардың портреттерін басып шығарды. Шара соңында балалар өзі суреттеген кейіпкері жайында әңгімелеп, жасаған жұмыстарын таныстырды.