23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай Шет тілі әдебиеттер секторының ағылшын және орыс тілі курстарына қатысатын оқырмандар мен «Ақерке» балалар залының кішкентай оқырмандарымен бірлесе «Елбасы және Елорда» атты тақырыбында жыр кеші өткізілді. Кешті «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары Г. Алпыбаева ашып,ары қарай оқырмандар Елбасы және Елорда туралы қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жырлар оқыды.
Сонымен қатар, оқырмандарға «Елорда – Елбасының төл туындысы» атты видеоролик көрсетілді және № 130 жалпы орта мектебінің мұғалімі М.Шахановтың қазақ елінің рухын көтеретін, бірлікке шақыратын жырларын кеш қонақтарына насихаттады.
«Елбасы және Елорда» тақырыбына арналған кітап көрмесі көпшілік оқырмандарға таныстырылды. Іс-шараға қатысқан қонақтар мен оқырмандар кітапхана қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.