+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Кешегі-бүгінгі Шекспир»

Шет тілі әдебиеттер секторында 23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Кешегі-бүгінгі Шекспир» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы Шымкент қаласының Республикалық "Жас ұлан" мектебінің оқушыларына А.Абдуллаева У. Шекспирдің өмірбаяны мен шығармашылығы жайында насихаттады. Сондай-ақ, шет тілі әдебиеттер секторының қызметкері Ш.Маленова У. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясынан «To be, or not to be, that is the question» монологын оқыды.
Сонымен қатар, «Кешегі-бүгінгі Шекспир» тақырыбына арналған кітап көрмесі көпшілік оқырмандарға таныстырылды.