+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Табиғи материалдардан бұйымдар жасау»

23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Өнер» бөлімі кітапханашыларының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәрбиешілерінің қатысуымен «Табиғи материалдардан бұйымдар жасау» атты шеберлік сабағы өткізілді.
Шараға №80 мектеп-лицейінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында оқушылар жүн өңдеу технологиясының қыр-сырын пайдалана отырып, түрлі қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын және үй жағдайында сабын жасауды үйренді. Соңғы кезде үйде дайындалған сабын үлкен сұраныста. Сапалы табиғи сабынның бағасы қымбат, ал технологиясын білсе, дайындалуы қиын емес. Үй жағдайында сабын қайнату – өте тиімді және шығармашылық процесс болғандықтан балаларға өте ұнады.