+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен "Ұлттық сананы жаңғырту" тақырыбында елімізге белгілі қазақ ақын-жазушыларымен кездесу өтті.
Кездесуге жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, "Таң-Шолпан" әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы Мереке Құлкенов, ақын, Халықаралық "Алаш" сыйлығының және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері, "Жазушы" баспасының директоры Есенғали Раушанов, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, "Тарлан-Үміт" сыйлығының иегері, балалар мен жасөспірімдер басылымдарының "Жас өркен" ЖШС бас директоры Жүсіпбек Қорғасбек, ақын, журналист, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, "Ақиқат" ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы сынды қаламгерлер қатысты. 
Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласының маңызын қалың бұқараға жеткізіп, кең көлемде насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шараны ОҚО жазушысы Шойбек Орынбек ашып, жүргізіп отырды. 
Іс-шара аясында қаламгерлер шығармашылығын насихаттауға арналған "Ұлттық сананы жаңғырту" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.